Loading...

OPPO Bubble Mag E-Badge

Ультраайқын артқы селфи көрінісі
Көңіл күйіңізге сай өзгертілетін E-Badge

OPPO Bubble Mag E-Badge

Ультраайқын артқы селфи көрінісі
Көңіл күйіңізге сай өзгертілетін E-Badge

Әмбебап үйлесімділік,

Тренд қалыптастыратын аксессуар

Кез келген стильмен
үйлеседі

Gen Z буынына арналған сән мен технологияны үйлестірген таптырмас аксессуар. Белдікке, сөмкеге, киімге немесе телефонға бекітіңіз, өз стиліңізге сай қолданыңыз және кез келген образыңызды ерекшелендіріңіз — әрбір киіміңізді көше сәнінің жарқын үлгісіне айналдырыңыз.

Бекітіңіз де, түсіріңіз

Ультраайқын
Артқы селфи көрінісі1
Ультраайқын Артқы селфи көрінісі1

Кадрыңыздың қандай болатынына алаңдамаңыз

Әр кадрды сенімді түсіріңіз. OPPO Bubble құрылғысы телефонға магнит арқылы оңай бекітіледі және артқы камераның көрінісін нақты уақыт режимінде көрсетеді. Соның арқасында композиция, жарық және бет әлпетіңіз әрдайым мінсіз шығады.

Ультраайқын артқы селфи көрінісі

Ультраайқын Артқы селфи көрінісі1

Кадрыңыздың қандай болатынына алаңдамаңыз

Әр кадрды сенімді түсіріңіз. OPPO Bubble құрылғысы телефонға магнит арқылы оңай бекітіледі және артқы камераның көрінісін нақты уақыт режимінде көрсетеді. Соның арқасында композиция, жарық және бет әлпетіңіз әрдайым мінсіз шығады.

Ультраайқын артқы селфи көрінісі
Ультраайқын артқы селфи көрінісі

Ультраайқын
артқы селфи көрінісі
Ультраайқын
артқы селфи көрінісі

Басқа адамның көмегімен түсіру

Камераны басқа адам түсіріп тұрса да, әр кадрды өзіңіз басқарыңыз. Артқы камераның көрінісін нақты уақыт режимінде бақылап, кадрды, бет әлпетіңізді және ұсақ бөлшектерді дәл реттеңіз — ешқандай болжамсыз, тек тамаша нәтиже.

Ультраайқын артқы селфи көрінісі

Басқа адамның көмегімен түсіру

Камераны басқа адам түсіріп тұрса да, әр кадрды өзіңіз басқарыңыз. Артқы камераның көрінісін нақты уақыт режимінде бақылап, кадрды, бет әлпетіңізді және ұсақ бөлшектерді дәл реттеңіз — ешқандай болжамсыз, тек тамаша нәтиже.

Ультраайқын артқы селфи көрінісі

10 м қашықтықтан
камераны басқару2

Жеке фотосессия, Толық бақылау

Жеке түсірілімді оңай жасаңыз. OPPO Bubble құрылғысын фото және видео түсіруге арналған қашықтан басқару құралы ретінде пайдаланып, 10 метрге дейінгі қашықтықтан әр сәтті еркін түсіріңіз — ешкімнің көмегі қажет емес.

Көрсетіңіз де, бөлісіңіз

Көңіл күйіңізге сай өзгертілетін E-Badge

Өзгеріс енгізіңіз, ерекшелігіңізді сақтаңыз.

Экраныңызды өзіңізге ыңғайлы етіңіз. Көңіл күйіңізге қарай суреттерді, қозғалысты фотоларды (Motion Photo) және видеобейнелерді ауыстырып, қызығушылықтарыңызды көрсетіңіз әрі өз стиліңізді қалаған уақытта,қалағаныңызша білдіріңіз3.

Көңіл күйіңізге сай өзгертілетін E-Badge

Өзгеріс енгізіңіз, ерекшелігіңізді сақтаңыз.

Экраныңызды өзіңізге ыңғайлы етіңіз. Көңіл күйіңізге қарай суреттерді, қозғалысты фотоларды (Motion Photo) және видеобейнелерді ауыстырып, қызығушылықтарыңызды көрсетіңіз әрі өз стиліңізді қалаған уақытта,қалағаныңызша білдіріңіз3.

Интерактивті үй жануарлары

Күн сайынғы сүйкімділік

Күніңізге қуаныш сыйлаңыз. Интерактивті үй жануарлары бейнеленген тұсқағаздар әр жанасуға әсер беріп, күнделікті өміріңізге көңілді сәттер мен жайлылық қосады.

Интерактивті үй жануарлары

Күн сайынғы сүйкімділік

Күніңізге қуаныш сыйлаңыз. Интерактивті үй жануарлары бейнеленген тұсқағаздар әр жанасуға әсер беріп, күнделікті өміріңізге көңілді сәттер мен жайлылық қосады.

Жұқа әрі өте ықшам

Қалыңдығы небәрі 7 мм, салмағы 27,5 г ғана4. Қолға жеңіл сезіледі әрі алып жүруге ыңғайлы. Ықшам әрі жайлы дизайны күнделікті стиліңізбен мінсіз үйлеседі.

Ультраайқын AMOLED экраны

Саладағы озық AMOLED сенсорлы экраны жоғары айқындық пен ерекше мөлдірлікті қамтамасыз етіп, қанық әрі әсерлі кескін ұсынады5.

Ұзақ жұмыс істейтін
Сенімді батарея

Кез келген сәнді сәтке дайын қуат. 550 мА·сағ батареясы ұзақ уақыт жұмыс істеп, таңнан кешке дейін байланыста болып, шабыттанып, өз стиліңізді еркін көрсетуге мүмкіндік береді6.

Үздіксіз байланыс
Оңай жұптастыру

Жақын маңдағы ColorOS құрылғылары автоматты түрде анықталады. Бір түрту арқылы жұптастырып, деректерді нақты уақыт режимінде синхрондаңыз — құрылғылар арасында бөлісу мен басқару бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы7.

Ескертпе:

* Қазіргі уақытта OPPO Bubble құрылғысы OPPO Reno16 Series, OPPO Find X9 Series және басқа да үйлесімді құрылғыларды қолдайды. Болашақта OTA жаңартулары арқылы қолдау көрсетілетін құрылғылар саны артуы мүмкін. Нақты тәжірибе құрылғыға байланысты өзгереді. Қолдау көрсетілетін елдер мен аймақтардың толық тізімін мына жерден көре аласыз: https://support.oppo.com/kz/.

* Ресми сайтта көрсетілген өнімнің функциялары мен интерфейс мазмұны (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, UI, UX және фондық көріністер) тек анықтамалық мақсатта ұсынылған. Нақты өнімнің сипаттамаларын басшылыққа алыңыз. Толық ақпарат алу үшін жергілікті байланыс операторына немесе сату қызметіне хабарласыңыз.

1. OPPO Bubble камера интерфейсі фото және бейне режимдері арасында ауысуды қолдайды. Сонымен қатар, қосылған телефон арқылы портрет режимі сияқты басқа түсіру режимдеріне де ауысуға болады. Бұл мүмкіндіктердің қолжетімділігі бағдарламалық жасақтама нұсқасына және аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Қолданар алдында телефоныңызды жүйенің ең соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Нақты жұмыс өнімділігі құрылғыңыздағы бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты. OPPO Bubble жинақтамасына магниттік сақина кіреді. Магниттік сақинаны телефонның немесе қорғаныш қапшығының (чехолдың) артына жапсырыңыз, сонда OPPO Bubble құрылғысы телефонға магнит арқылы оңай бекітіледі. Фото түсіру кезінде телефонда қандай кадр пішімі таңдалғанына қарамастан, OPPO Bubble әдепкі бойынша кескінді толық экранда көрсетеді. Бастапқы кадр пішіміне оралу үшін экранды екі рет түртіңіз. Бұл кезде экранның екі жағында Gaussian Blur (гаусстық бұлыңғырлату) әсері қолданылады.

2. OPPO Bubble камера интерфейсі 0,6x, 1x, 2x және 3,5x үлкейту деңгейлерін қолдайды. Оларды экрандағы белгішелер арқылы ауыстыруға болады. Қолжетімді үлкейту деңгейлері үйлесімді телефон моделіндегі камера модуліне байланысты өзгеруі мүмкін. Өтінеміз, нақты құрылғыңыздың үйлесімділігіне сүйеніңіз.

3. Жеке тұсқағазды баптау мүмкіндігі үшін қолдау көрсетілетін статикалық кескін пішімдері — JPEG және PNG. Motion Photo ойнату ұзақтығы тұрақты түрде 3 секундты құрайды. Қолдау көрсетілетін видеобейне пішімі — MP4, бейненің ұзақтығы 1 секундтан кем емес және 5 секундтан аспауы тиіс. Статикалық кескіндер, Motion Photo және видеобейнелердің барлығы карусель режимінде, соның ішінде аралас карусель ретінде де көрсетіледі. Бір карусель жинағына ең көбі 20 медиафайл қосуға болады.

4. Құрылғының қалыңдығы, өлшемдері, салмағы және басқа да физикалық сипаттамалары OPPO LAB зертханасының деректеріне негізделген. Сынақ ортасы мен әдістерінің айырмашылығына байланысты нақты көрсеткіштер өзгеше болуы мүмкін.

5. Экранның өлшемі, ажыратымдылығы, түстерді көрсету сапасы және дисплейге қатысты басқа да деректер OPPO LAB зертханасының мәліметтеріне негізделген және тек анықтамалық мақсатта берілген. Пайдалану ортасы, құрылғының күйі, бағдарламалық жасақтама нұсқасы, сынақ әдістері және жеке пайдалану ерекшеліктері сияқты факторларға байланысты нақты тәжірибе өзгеше болуы мүмкін. Кейбір функциялардың қолжетімділігі бағдарламалық жасақтама нұсқасына және аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Өтінеміз, қолданар алдында телефоныңызды жүйенің ең соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Нақты жұмыс өнімділігі құрылғыңыздағы бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты.

6. OPPO Bubble құрылғысында статикалық кескіндер карусель режимінде көрсетілген кезде, экран жарықтығы орташа деңгейде болса, батареяның ең ұзақ жұмыс уақыты 25,33 сағатты, ал жоғары жарықтықта 16,08 сағатты құрайды. OPPO Bubble телефонның 1x артқы камерасына қосылып, әр 10 секунд сайын бір рет суретке түсіру орындалған жағдайда, батареяның ең ұзақ жұмыс уақыты орташа экран жарықтығында 9,66 сағатты, ал жоғары жарықтықта 8,54 сағатты құрайды. Батареяның жұмыс уақыты және басқа да сынақ нәтижелері OPPO LAB зертханасының деректеріне негізделген және тек анықтамалық мақсатта берілген. Нақты пайдалану тәжірибесі қолдану ортасы, құрылғының күйі, бағдарламалық жасақтама нұсқасы, сынақ әдістері және пайдаланушының қолдану ерекшеліктері сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

7. OPPO Bubble құрылғысын автоматты түрде анықтау және жұптастыру үшін телефон мен құрылғының арақашықтығы 20 см-ден аспауы керек. Осы жағдайда ғана телефон экранында OPPO Bubble құрылғысының картасы қалқымалы терезе ретінде көрсетіледі. Егер құрылғылардың арақашықтығы 1 метрден асса, телефонда қалқымалы терезе көрсетілмейді. Сынақ нәтижелері OPPO LAB зертханасының деректеріне негізделген және тек анықтамалық мақсатта ұсынылған. Нақты пайдалану тәжірибесі қолдану ортасы, құрылғының күйі, бағдарламалық жасақтама нұсқасы, сынақ әдістері және пайдаланушының қолдану ерекшеліктері сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.