• Пресс-релиз
  • 2020-07-15
  • OPPO  жоғары жылдамдықты 125 Вт қуаттандырғышын, сымсыз 65 Вт AirVOOC қуаттандыру құралын және SuperVOOC-тың 50 Вт шағын нұсқасын ұсынды.

    15 шілде 2020 жыл, ШЭНЬЧЖЭНЬ – OPPO компаниясы ресми түрде  125 Вт жылдам қуаттандырудың жаңа технологиясымен, сонымен қатар 65 Вт AirVOOC жоғары жылдамдықты сымсыз қуаттандырумен, тасымалданатын 50 Вт SuperVOOC  шағын  қуаттандыру құралымен, сонымен қатар 110 Вт қуаттандыру құралының ықшам нұсқасымен  таныстырды.

    OPPO  жоғары жылдамдықты 125 Вт қуаттандырғышын ұсынды.

    Қуаты 125 Вт жоғары жылдамдықты қуаттандырудың пайда болуы ұялы телефондарды қуаттау саласындағы технологиялық төңкеріс болды. Жақсартылған шифрлау алгоритмі мен температураны басқарудың жетілдірілген жүйесінің арқасында жаңа технология ұялы телефондарды қуаттандыратын құрылғыны қауіпсіз және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  65Вт AirVOOC сымсыз қуаттандырғышы пайдаланушыларға әдеттегі сымды қуаттандырғышпен салыстырғанда смартфонды әлдеқайда тезірек  қуаттандыруға мүмкіндік береді. 50 Вт және 110 Вт SuperVOOC ықшам қуаттандыру құралы да OPPO компаниясының бірегей жаңалығы болып табылады. OPPO  компаниясы бұл тұсаукесері арқасында осы саладағы көшбасшыға айналды және  мықты қуаттандыру  құрылғыларын миниатюралау ісінде жоғары деңгейді  көрсетті.

    OPPO  жоғары жылдамдықты 125 Вт қуаттандырғышын ұсынды.

    Джефф Чжан, OPPO компаниясындағы қуаттау технологиясының бас маманы: «5G-дің бүкіл әлемде жылдам өріс алуы, сонымен қатар жоғары қуатты қажет ететін әртараптанған қосымшалардың көбеюі, оның ішінде ойындар мен бейнелерді көру  біздің алдымызға жаңа міндеттер қоюда. Олар смартфондардың тәуелсіз жұмыс істеу уақытымен және олардың қуатталуымен  байланысты, OPPO компаниясы 2014 жылы VOOC-тің алғашқы нұсқасы шыққаннан бастап жоғары жылдамдықта қуаттандыру саласында көшбасшы болды. Біз пайдаланушыларға смартфон қуатын толықтырудың қауіпсіз, тиімді және ыңғайлы әдісін ұсыну мақсатында қуатты, сымсыз және ықшам қуаттау технологияларын құру үшін ұстанымдарды нығайтып, барлық тәжірибемізді қолданамыз».

    5G дәуіріндегі 125W жылдам қуаттандыру

    OPPO 125Вт жоғары жылдамдықты қуаттандыру технологиясы тікелей қуаттау принципін қолданады, бұл сыйымдылығы 4000 мА / сағ аккумуляторды 5 минут ішінде 41% -ға дейін және 20 минут ішінде толық қуаттандыруға мүмкіндік береді. Жаңа технология SuperVOOC және VOOC протоколдарының алдыңғы нұсқаларымен, сондай-ақ 65Вт PD және 125Вт PPS негізгі протоколдарымен үйлесімді. Қазіргі уақытта бұл – саладағы ең озық технология.

    SuperVOOC жаңа технологиясы аппараттық архитектура деңгейінде толығымен жаңартылды. Ол 20 В дейінгі кернеумен және 6.25 А ток күші бар қуаттау тізбегімен жұмыс істей алады және қуат тығыздығының индикаторларын едәуір жақсартады, бұл қуаттандырғыштың көлемін арттырмай қуаттау уақытын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Батарея туралы айтатын болсақ, осы технологиямен жасалған смартфондар революциялық параметрлері бар қос аккумулятормен, тиімді құрылыммен және арнайы MCU-мен тиімділікті арттырады.

    Қосымша қауіпсіздік үшін жүйенің барлық элементтерінің күйін бақылауға температураның 10 қосымша датчиктері қосылды. Сонымен қатар, сақтандырғыш пен штепсельдің қатты қызып кетуінен қорғаныс қамтамасыз етіліп, қауіпсіздікті жақсарту үшін 128 биттік шифрлау алгоритмі қолданылады.

    OPPO  жоғары жылдамдықты 125 Вт қуаттандырғышын ұсынды.

    65Вт AirVOOC сымсыз қуаттандыру

    Көптеген пайдаланушылар бірнеше сымдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты қолайсыздықтардан арылып, құрылғыларды мүмкіндігінше тез қуаттандырғысы келеді. Бұл  мәселені 65 Вт AirVOOC  сымсыз қуаттандыру құралы шеше алады. Мұнда оқшауланған қуаттау жүйесі және тиімділікті жоғарылататын екі катушканың параллель құрылымы бар өзінің технологиясын қолданады.

    65 Вт AirVOOC сымсыз қуаттандыру  сыйымдылығы  4000 мА/сағ аккумуляторды  небәрі 30 минут ішінде толықтай қуаттандыра  алады. Технологияда бөгде заттарды табу функциясын қосқанда бес қауіпсіздік торабы бар. Сонымен қатар Qi стандартына сәйкес келеді.

    Қуаттандыру құралының төменгі бөлігі жартылай өткізгіш салқындатқышпен жабдықталған. Смартфонның артындағы панелдің температурасы желдеткішті қолданғанға қарағанда 2 ℃ төмен. Бірегей дизайн бұл құралды ыңғайлы етеді.

    Қуатты ультра кішкентай қуаттандырғыштар сериясы

    Сонымен қатар, бүгін OPPO әлемдегі ең кішкентай және жіңішке 50 Вт SuperVOOC шағын қуаттандыру құралын және ерекше екі деңгейлі архитектурасы бар 110Вт мықты қуаттандырғышын ұсынды.

    OPPO  жоғары жылдамдықты 125 Вт қуаттандырғышын ұсынды.

    OPPO mini SuperVOOC 50Вт қуаттандырғышының өлшемін визитка ұстағышымен салыстыруға болады, қалыңдығы небәрі 1,05 см. Мұндай құрылғы көйлектің қалтасына оңай сыяды. 50Вт SuperVOOC шағын қуаттандырғышы VOOC протоколдарымен үйлеседі, 27Вт PD және 50Вт PPS сияқты негізгі протоколдармен  жұмыс істей алады және әртүрлі құрылғыларды, соның ішінде ұялы телефондар мен ноутбуктерді қуаттандыра алады.  

    OPPO инженерлері 50 Вт SuperVOOC шағын қуаттандырғышына арналған революциялық архитектураны жасады, ол үшін олар көп орын алатын компоненттердің көлемін азайтты, қуаттылықты жоғары түрлендіретін жаңа топологиялық дизайн қолданылды, электролитті қарапайым конденсатор пайдалануды қажет етпейтін, импульсті зарядтау принципі қолданылады - бұл салада алғаш рет миниатюралық құрылғы осындай қуат көрсеткіштеріне ие.

    2020 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша, OPPO зарядтауға байланысты 2800-ден астам ғаламдық патентке өтінім берді. VOOC қолдайтын смартфондардың 30-дан астам моделі бүкіл әлем бойынша 157 миллионнан астам пайдаланушыны ультра жылдам қуаттаумен қамтамасыз етеді. Ақылды байланыс дәуірінде мұндай технологиялардың өсуі артып келеді және OPPO компаниясы VOOC жоғары жылдамдықты қуаттау платформаларын жетілдіреді және жаңартады, және бұл саладағы ең үздік технологияларды дамытады.

    ###

    Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс көздерімен хабарласыңыз:

    Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің жетекшісі
    Ботагоз Карибаева
    Email: botagoz.karibayeva@oppo.com.kz

    Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің PR-менеджері
    Виталий Богданов
    Email: vitaly.bogdanov@oppo.com.kz

    OPPO компаниясы туралы

    OPPO - өнер мен инновациялық технологияны біріктіретін өнімдерге мамандандырылған жетекші әлемдік смартфон бренді. Алғашқы смартфоны 2008 жылы іске қосылғаннан бері OPPO әрдайым дизайн мен технологиялық жетістіктердің үйлесімділігіне ұмтылып келеді.

    IDC мәліметтері бойынша, 2018 жылы OPPO әлемдегі №5 смартфон бренді ретінде танылды. Бүгінгі таңда OPPO бизнесі әлемнің 40-тан астам елдері мен аймақтарын қамтиды, компанияның тұтынушыларының өмірін жақсартатын технологияларды құру үшін әр түрлі елдерде 6 зерттеу орталығы жұмыс істейді.