{{baseData.historyTitle}}

{{baseData.historyTitle}}

  • Пресс-релиз
  • 2021-08-10
  • OPPO экран асты камералар технологиясының жаңа буынын ұсынды.

    OPPO экран асты камера технологиясы экрандағы және камера сапасы арасындағы тамаша тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін аппараттық инновация мен патенттелген жасанды зерде алгоритмдерін біріктіреді.

    Әлемдегі жетекші смарт-құрылғылар бренді OPPO экран асты камера (USC) технологиясының жаңа буынын ұсынды. Бұл шешім пайдалану кезінде де, күту режимінде де экрандағы кескіннің тұтастығын сақтай отырып, камераны дисплей астына мүлдем көрінбейтін түрде қоюға мүмкіндік береді. Әзірлеу алдыңғы камераның экран мен сурет сапасы арасындағы тамаша теңгерімді ұсынады.

    OPPO-ның экран асты камерасының жаңа буыны

    Бұл жаңа экрандағы камералық шешім технология пайда болғаннан бері туындаған көптеген техникалық және өндірістік қиындықтарды шешеді. Мысалы, камераның үстіндегі экран аймағындағы тұрақсыз дисплей сапасына қатысты мәселе шешілді, экранның ластануынан туындаған кескін сапасына, сонымен қатар экранның сенімділігі мен қызмет ету мерзіміне қатысты мәселе шешілді. Осы саладағы жетістіктердің арқасында OPPO толық экранды келесі деңгейге көтеретін жаңартылған экран асты камера шешімін енгізе алды.

    Жаңа буындағы OPPO экран асты камерасы бар құрылғының түпүлгісі

    Экран асты камералардың жаңа буынына бірнеше инновация енгізілді.

    ●        Инновациялық пиксель геометриясы: жаңа шешім әр пиксельдің санын азайтып қоймай, кішірейте отырып, экранда дюйміне 400 пиксель ажыратымдылығымен, тіпті камера аймағында жоғары сурет сапасын қамтамасыз етеді.

    ●        Мөлдір сымдар мен жаңа дизайн: OPPO дәстүрлі экран сымдарын инновациялық мөлдір материалмен алмастырды. Сым енін 50%-ға азайтатын өте дәл өндіріс процессімен үйлескенде, визуалды тәжірибесі бірқалыпты, сапасы әлдеқайда жоғары болады.

    OPPO-ның инновациялық пиксель геометриясының жаңа буындық экран асты камерасы

    ●       Экранның дәлдігін, түсі мен жарықтығын жақсартылған бақылау: ағымдағы 1 пикселді сұлбаны пайдалану арқылы экран асты камерасы аймағында 2 пикселді («1-ге-2») басқару салалық стандартымен салыстырғанда ОРРО патенттелген жаңа шешімін ұсынды: әрбір пикселді сұлба тек 1 пикселді басқарады («1-ге-1»).  

    OPPO-ның алгоритмдік компенсация технологиясымен бірге бұл 2% ауытқумен бүкіл экранның түсі мен жарықтығын дәл бақылауға мүмкіндік береді. OPPO технологиясы ұсақ баспа мен текстуралық мәліметтерді жоғары сапалы көрсетуге мүмкіндік береді: бұл, мысалы, электронды кітаптарды оқу, жаңалықтарды қарау немесе карталарды шарлау үшін аса маңызды.

    ●        Жақсартылған сенімділік пен қызмет ету мерзімі: «1-ге-1» пикселді сұлбасы және арнайы оңтайландыру алгоритмдері камерадан тыс дисплей үшін тамаша өтемақы береді және экранның қызмет ету мерзімін 50%-ға дейін арттырады.

    АҚШ-тағы OPPO зерттеу институттары кескінді жақсарту үшін жасанды зерде алгоритмдерінің сериясын жасады. Олар дифракцияны азайтады, HDR өнімділігін және ақ түс теңгерімін жақсартады. OPPO жасанды зерде моделі он мыңдаған суреттерде тексерілген.

    Жаңа буындағы OPPO экран асты камерасы бар құрылғының түпүлгісі.

    Тұтынушылардың үлкен экрандарға сұранысы мен смартфондардың пішін факторларының өзгеруіне байланысты OPPO осы салалардағы зерттеулер мен әзірлемелерге көп қаржы бөледі. OPPO 2018 жылы осы технологияның дамуынан бері экран асты камерасының үш буынын шығарды, патент алуға 200-ден астам өтінімдер тапсырды. Онымен қоса, 2020 жылы OPPO Халықаралық электротехникалық комиссияға (IEC) экран асты камерасы технологиясының алғашқы стандарттарын ұсына отырып, технологияның дамуына өз үлесін қосты. Ұсынысқа жарықтың өткізгіштігі, шағылысу, біркелкілік, гамма түзету, түстің ауысуы және жарықтықтың жоғалуы сияқты 7 негізгі техникалық параметр бойынша ұсыныстар енгізілді.

    OPPO экран асты камера технологиясын одан әрі оңтайландыру үшін аппараттық дизайн мен алгоритмдік өңдеу мүмкіндіктері бойынша зерттеулер мен әзірлемелерді жалғастырады. Компанияның мақсаты – бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға шынайы әсерлі және жайлы қолдануға мүмкін беретін under-screen камералы толық экранды жүйесімен қамтамасыз ету.  

    Жаңа буындағы OPPO экран асты камерасымен түсірілген селфидің үлгісі