{{dataCart.txtYourCart}} ({{dataList.cartItems.length}})
{{dataCart.txtStock}}
{{item.attachment.productDisplayName || item.displayName}}
{{productType(item.attachment.skuSelectOptions)}}
{{filterStock(item.salesStatus, item.stockStatus)}}
x{{item.qty}} {{dataList.symbol}}{{item.originPrice}} {{dataList.symbol}}{{item.nowPrice}}
{{list.displayName}}
{{filterStock(list.salesStatus, list.stockStatus)}}
x{{list.qty}} {{dataList.symbol}}{{list.originPrice}}-{{dataList.symbol}}{{list.nowPrice}}
{{item.evaluateOrder.productName}}
-{{dataList.symbol}}{{item.evaluateOrder.tradeInDiscount}}
Total {{dataList.symbol}}{{dataList.subtotalPrice}}
You are {{dataList.symbol}}{{dataList.freeLimit}} away from free shipping.
{{dataCart.txtYourCart}} (0)
{{dataCart.txtSign}}{{dataCart.txtEmpty1}}
{{dataCart.txtEmpty2}}{{dataCart.txtYourCart}} ({{dataList.cartItems.length}})
{{dataCart.txtStock}}
{{item.attachment.productDisplayName || item.displayName}}
{{productType(item.attachment.skuSelectOptions)}}
{{filterStock(item.salesStatus, item.stockStatus)}}
x{{item.qty}} {{dataList.symbol}}{{item.originPrice}} {{dataList.symbol}}{{item.nowPrice}}
{{list.displayName}}
{{filterStock(list.salesStatus, list.stockStatus)}}
x{{list.qty}} {{dataList.symbol}}{{list.originPrice}}-{{dataList.symbol}}{{list.nowPrice}}
{{item.evaluateOrder.productName}}
-{{dataList.symbol}}{{item.evaluateOrder.tradeInDiscount}}
Total {{dataList.symbol}}{{dataList.subtotalPrice}}
You are {{dataList.symbol}}{{dataList.freeLimit}} away from free shipping.
14 қыркүйек 2020 ж. Әлемдегі жетекші смартфон өндірушісі OPPO өзінің жаңа ColorOS 11 операциялық жүйесін бүкіл әлемге паш етті. OPPO – әлемдегі пайдаланушыларға Android 11 жаңартуын ұсынған алғашқы OEM-өндірушілерінің бірі. ColorOS 11 «Make Life Flow» тұжырымдамасы шеңберінде пайдаланушылар ұнататын барлық стандартты Android функцияларын енгізді, сонымен қатар пайдаланушы интерфейсін баптау үшін кең мүмкіндіктер ашатын жаңалықтар жасалды. Бұл Google Android 11 жариялағаннан кейінгі оқиға – осы өнімді рекордтық уақытта шығаруы қос компанияның тығыз ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.
Сіздің жеке тұлғаңызды ашатын пайдаланушы интерфейсін жаңа деңгейге шығару.
ColorOS 11 бұрын-соңды болмаған интерфейсті теңшеуді ұсынады, бұл пайдаланушылар қиялын оятуға және смартфонды қажеттіліктеріне, тіпті олардың сипаттамаларына дәл келтіруге көмектеседі. Негізінен пайдаланушылар кестелерді, күйлер мен тұсқағаздарды, сондай-ақ қаріптерді, белгішелер мен рингтондарды жасай алады. ОЖ-ні жаңартуда стандартты Android-тың күңгірт режимі де жетілдірілді: үш түсті схема және контраст деңгейінің баптауы енгізілді. OPPO Relax 2.0 қызметі пайдаланушыларға ақ шу деп аталатын өзіндік аралас дыбыстар құруға мүмкіндік береді, сіз әлемдік қалалардың дыбыстарының кең топтамасын пайдалана аласыз.
«ColorOS 11 пайдаланушы интерфейсін дәл баптауға бағытталғандығы клиент смартфонның жекелендірілген және бірегей тәжірибесіне деген ұмтылысынан туындайды», - деді Линн Ни, OPPO ColorOS Design жобаларының менеджері. «ColorOS тобы пайдаланушылар пікірлерін тыңдап, көптеген ерекшеліктері бар жақсы теңшелетін интерфейс құрды».
Бұрынғыға қарағанда жоғары тиімділік
ColorOS 11 сіздің жұмысыңыз бен өміріңізді тиімдірек ететін мүмкіндіктерге толы. Олардың арасында, мысалы, үш саусақпен бір уақытта түрту арқылы іске қосылатын Google Lens негізіндегі аудармашы. Бұл OPPO мен Google бірлесіп жасаған алғашқы мүмкіндік. Аударма скриншот мәтініне сәйкес жүзеге асырылады және ол үш саусақпен жасалады.
Flexdrop, яғни тағы бір жаңа функция, көп тапсырманы орындау үшін қарапайым және интуитивті шешімді ұсынады. Пайдаланушылар бір уақытта бейнені көре алады және мәтінді оқи алады, бұл әсіресе ойыншылар мен бейне әуесқойлары үшін пайдалы. Жаңа қосымшаларды жүктемей-ақ әртүрлі ақылды үй құрылғыларын ауыстырып, оларды басқаруға болады.
Батареяның қызмет ету мерзімін арттыру үшін аса тиімді қуат үнемдеу режимі әзірленді. Бұл батареяның қуаты аз болған жағдайда алты қосымша таңдауға мүмкіндік береді. Battery Guard функциясы желідегі тұрақсыз кернеуді ұзақ уақыт қуаттау салдарынан смартфон элементтерінің зақымдануын болдырмайды, яғни бұл смартфон иесінің әдеттері туралы ақпараттар негізінде жасалады. Қуаттандыру түнде 80% -да тоқтатылады және батареяны толығымен толтыру үшін пайдаланушы оянғанға дейін жалғасады.
Өмір ағымын бастаңыз
Жоғары кадр жылдамдығы – бұл заманауи смартфондардың құнды ерекшелігі, бірақ кейде олар кідірісті тудырады. Бұл құбылысқа қарсы тұру үшін ColorOS 11 UI First 2.0 бағдарламалық жасақтамасын Quantum Animation кідірісті азайту меншікті қозғалтқышы негізінде енгізді. Бұл жедел жадты пайдалануды 45% арттырады, жауап беру қабілеттілігін 32% және кадр жиілігін 17% жақсартады.
Пайдаланушының қауіпсіздігі мен құпиялығына назар аударуды арттыру
ColorOS 11 стандартты Android 11 құпиялылық мүмкіндіктерін жақсартты. Мысалы, Private System қосымшалар мен мәліметтер қайталанатын жеке жүйе жасайды. Оған тек саусақ ізі немесе құпиясөз арқылы кіруге болады.
ColorOS тарихындағы ең жылдам және алып бастама
ColorOS 11 қазіргі бета-нұсқасы технологияны жетік білетін қолданушыларға жаңа мүмкіндіктерді зерттеп, пікірлерімен бөлісуге шақырады, ал ресми нұсқасы алдағы апталарда жарық көреді. ColorOS 11 жаңартуы кезең-кезеңімен өтеді, бірінші болып Find X2 және Reno3 сериялы смартфондары жаңартылады. Жаңарту Find, Reno, F, K және A серияларын қоса алғанда 28-ден астам модельдерді қамтиды.
Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс көздерімен хабарласыңыз:
Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің жетекшісі
Ботагоз Карибаева
Email: botagoz.karibayeva@oppo.com.kz
Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің PR-менеджері
Виталий Богданов
Email: vitaly.bogdanov@oppo.com.kz
OPPO компаниясы туралы
OPPO - өнер мен инновациялық технологияны біріктіретін өнімдерге мамандандырылған жетекші әлемдік смартфон бренді. Алғашқы смартфоны 2008 жылы іске қосылғаннан бері OPPO әрдайым дизайн мен технологиялық жетістіктердің үйлесімділігіне ұмтылып келеді.
IDC мәліметтері бойынша, 2018 жылы OPPO әлемдегі №5 смартфон бренді ретінде танылды. Бүгінгі таңда OPPO бизнесі әлемнің 40-тан астам елдері мен аймақтарын қамтиды, компанияның тұтынушыларының өмірін жақсартатын технологияларды құру үшін әр түрлі елдерде 6 зерттеу орталығы жұмыс істейді.