{{baseData.historyTitle}}

{{baseData.historyTitle}}

  • Пресс-релиз
  • 2020-08-05
  • OPPO Еуропада «Барселона» ФК-мен бірлескен жарнама науқанын бастайды.

    5 тамыз 2020 жыл, Қытай, Шэньчжэнь. Әлемдегі жетекші смартфон бренді OPPO «Барселона» ФК-мен серіктестікте жаңа жарнамалық науқанын бастады. Осы науқанмен OPPO бренді өзінің еуропалық нарықтағы нығайып келе жатқан орнын ерекше атап өтеді: Германия, Португалия, Бельгия және Румыния енді OPPO смартфондары сатылатын елдердің тізіміне қосылды. Жаңа бірлескен жарнама науқаны бес жыл бойы жалғасып келе жатқан серіктестіктің жалғасы болып табылады. Бұл қытайлық бренд пен еуропалық футбол клубының арасындағы ұзақ уақытқа созылған ынтымақтастық.

    OPPO компаниясының жаһандық маркетинг бойынша вице-президенті Уильям Лю: «Қазіргі нарықтық жағдайлар және бірқатар матчтар мен трансляциялардың күшін жоюы әлемдік спорттық демеушілік нарығына теріс әсер еткенімен, OPPO-ның біздің көпжылдық серіктес «Барселона» ФК-мен жұмыс істеуге оралуы бүкіл аймақта брендтің нығаюы, сонымен қатар жанкүйерлердің қолдауының белгісі болып табылады - біздің брендіміз де, футбол командасы да барлық қиындықтарға қарамастан олардың тілектері мен ұмтылыстары орындалатынына үміт беретін қолдау», - деді. - «Біз тағы бір рет «Барселона» – жай ғана клубтан артық екенін, ал OPPO – жай ғана смартфон өндірушіден артық екенін көрсетеміз».

    OPPO Barҫa жанкүйерлерін «батылдыққа» шақырады
    OPPO келесі маусымда бірқатар сандық мазмұнды, оның ішінде команданың негізгі ойыншыларымен виртуалды сұрақ-жауап сессиясын және әлеуметтік науқанды ұсынады. Сондай-ақ, «Go for it» атты жарнамалық бейнеролик шықты (оны мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtu.be/Kam-Ye03JHM).

    Жарнамалық ролик көрермендерді жеңіске жететін жасөспірім жанкүйерлер әлеміне апарады, өз-өзіне деген сенімсіздікті жеңіп, скептиктердің пікірлерін елемей, нағыз ерлердің ойынына дайындалып жүрген жанкүйерлер әлеміне жетелейді. Футбол матчының өткір сәттерін теледидарлық камера арқылы емес, Find X2 смартфонының арқасында көретінімізді түсінеміз. Бұл модель 5G қолдайды және саладағы ең дамыған экрандардың бірі болып табылады, Еуропаның 10 елінде сатылымға шығарылған.

    Науқанның алғашқы кезеңі жанкүйерлердің сүйікті командасының қолдауымен байланысты болды: кез-келген жанкүйер әлеуметтік желілерде #CheerforBarҫa хэштегімен пікір қалдыра алады, ең жақсы пікірлер Камп Ноу стадионының экрандарында La Liga маусымның қайта басталуынан кейін көрсетілді. Келесі кезең #GoForIt ұранымен бейнероликтер шығару – бұл жанкүйерлерді олардың қандай қиындықтарға кезіккеніне қарамай, өздерінің армандары мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға шақыру.

    Жанкүйерлер ойыншылар: қорғаушылар Жерар Пике, Нельсон Семедо, Клеман Ленгле және шабуылшылар Луис Суарес және Мартин Брайтвайт қатысатын сұрақ-жауап сессиясын көре алады.

    Барселона ФК-мен серіктестіктен басқа, OPPO Ролан Гаррос және Уимблдон теннис турнирлерімен ынтымақтастығын жалғастыруда. Осы ірі спорттық ұйымдардың қолдауы – OPPO-ның жаһандық деңгейге көтерілуінің айғағы. Компания сонымен қатар Еуропадағы өз позициясын нығайтады: 2020 жылдың бірінші тоқсанында OPPO компаниясы, Canalys мәліметтері бойынша, аймақтағы смартфондардың алғашқы бестігіне кірді. OPPO-ның Италия және Испания нарықтарындағы жетістіктері ерекше әсер қалдырады, олар өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылдың бірінші тоқсанында сәйкесінше 15 және 10 есе өскен.

    ###

    Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс көздерімен хабарласыңыз:

    Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің жетекшісі
    Ботагоз Карибаева
    Email: botagoz.karibayeva@oppo.com.kz

    Қазақстандағы Маркетинг және брендті дамыту бөлімшесінің PR-менеджері
    Виталий Богданов
    Email: vitaly.bogdanov@oppo.com.kz

    OPPO компаниясы туралы
    OPPO - өнер мен инновациялық технологияны біріктіретін өнімдерге мамандандырылған жетекші әлемдік смартфон бренді. Алғашқы смартфоны 2008 жылы іске қосылғаннан бері OPPO әрдайым дизайн мен технологиялық жетістіктердің үйлесімділігіне ұмтылып келеді.
    IDC мәліметтері бойынша, 2018 жылы OPPO әлемдегі №5 смартфон бренді ретінде танылды. Бүгінгі таңда OPPO бизнесі әлемнің 40-тан астам елдері мен аймақтарын қамтиды, компанияның тұтынушыларының өмірін жақсартатын технологияларды құру үшін әр түрлі елдерде 6 зерттеу орталығы жұмыс істейді.