OPPO A52 ені небары 1,73 мм болатын ультра жоғары ажыратымдылығы бар экранмен жабдықталған. Осының арқасында сіз ойындар мен бейнелерді айқын тамашалай аласыз.
Смартфон экранның жарықтылығын жарық пен сіздің әдеттеріңізге байланысты автоматты түрде реттей алады. Көзді қорғау режимінде спектрдің көк бөлігінің сәулелену деңгейі төмендейді, нәтижесінде көзіңіз қатты шаршамайды.
TÜV Rheinland көзді қорғау сертификаты
Осы серияға түстерді таңдауда, бізді Арктика табиғаты шабыттандырды. Қара корпус тыныш және жұлдызды полярлық түнді, ал ақ түс ежелгі мұздықтың жарқырауын еске түсіреді.
Дөңгелек жиектері бар оңтайлы пішінінің арқасында OPPO A52 қолдануға өте ыңғайлы.
Кең диафрагмасы бар негізгі объектив, көру бұрышы 119 ° болатын ультра кең бұрышты объектив және портретті түсіруге арналған екі ерекше линза – осының барлығы бір камерада. Кез-келген жағдайда айқын және таза бейнероликтер түсіріңіз, қараңғыда мінсіз кадрлар және керемет селфи жасаңыз.
OPPO A52 бірегей суретті тұрақтандыру алгоритмінің көмегімен анық, айқын бейнероликтер түсіріңіз. Жаңа кең бұрышты бейнекамера және 120 кадр/с баяу түсірілім функциясы ең қызықты сәттерді түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, 4K форматындағы бейнетүсірілімді қамтамасыз етеді.
f/1.8 диафрагмасы бар объектив көп жарықты өткізеді және Ultra Clear Night 2.0 кең динамикалық диапазонды ұсынады. Жарықтың қалай түсіп тұрғанына қарамастан, шамадан тыс жарықтандыру немесе қараңғылаусыз айқын суреттер түсіріңіз.
Неғұрлым көру бұрышы кең болса, соғұрлым керемет суреттер көп болады.
Кадрға қалағаныңызды бір шертумен-ақ сыйдырыңыз.Түсіру кезіндегі қателіктер кәсіби кең бұрышты объективтің арқасында азаяды.
OPPO компаниясымен әзірленген AI бьютификация технологиясы жарықтандыруға қарамастан сіздің ерекше қасиеттеріңізді түсіруге мүмкіндік береді, осылайша сіздің жеке басыңызды ерекше көрсетеді. Мұндай әсер бөлшектерді табиғи өңдеу және контурлау арқылы қол жеткізіледі.
OPPO компаниясы шығарған Hyper Boost технологиясы және Qualcomm Snapdragon 64 биттік Octa-ядролық процессорының арқасында смартфонды пайдалану жағымды әрі ыңғайлы болды, қосымшалар мен ойындар барынша тез жүктеледі.
Жоғары сыйымдылығы 5000 мАсағ-қа жететін аккумулятордың арқасында тіпті белсенді қолданыста да энергия толық бір күнге жетеді. 18 Вт адаптері қуаттандыруға көп уақыт жұмсамауға мүмкіндік береді.
OPPO A52 қос ультра сызықты стерео динамиктерімен жабдықталған және Dirac 2.0 технологиясымен қамтамасыз етілген. Ол сіз әуен тыңдап отырғаныңызды, бейнелер көріп отырғаныңызды немесе ойын ойнағаныңызды автоматты түрде анықтайды және сізге толықтай болып жатқан атмосфераға енуге көмектеседі.
Қараңғылық пен көзді қорғау режимі смартфонды күні бойы қолдануға ыңғайлы етеді және батареяның жалпы шығынын азайтады.
Ақылды бүйірлік панель барлық қосымшаларға жылдам әрі ыңғайлы қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Енді бөлінген экран режиміне екі қимыл арқылы өтуге болады: бүйір панельді ашу үшін жай ғана экранды саусағыңызбен сырғытып, қажет қосымшаны жылжытып әкеліңіз.
6,5 дюйм - экранның диагоналы, егер төрт дөңгелектелген бұрыштарды түзу сызықтар деп қарастырсақ (нақты мөлшері кішірек).
Өнімділік туралы мәліметтер OPPO ішкі сынақтарынан алынған. Кірістірілген жад картасының нақты өнімділігі пайдалану шарттары мен қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.
5000 мА·сағ - бұл стандартты аккумулятор сыйымдылығы, ал минималды мәні - 4880 мА·сағ.
Өнімнің суреттері тек анықтама үшін берілген. Құрылғымен нақты жағдайда танысуға кеңес береміз. Өнім сипаттамалары өзгертілуі мүмкін, мысалы, жеткізушілердің өзгеруіне байланысты. Бұл бетте OPPO жобалау сипаттамалары көрсетілген және сынақ деректері зертханалар мен жеткізушілерден алынған. Нақты жағдайларда деректер тестілеу бағдарламасының нұсқасына, қоршаған ортаға және өнімнің нұсқасына байланысты аздап өзгеруі мүмкін.