Еліңізді немесе аймағыңызды таңдаңыз: Қазіргі сайтта болыңыз Басқа сайтты таңдаңыз

Біз cookie файлдарын және ұқсас технологияларды осы сайттың тиісінше жұмыс істеуі үшін, трафикті талдауға және шолу тәжірибеңізді оңтайландыру үшін қолданамыз. Сайтты шолуды жалғастыра отырып, сіз осы cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Толығырақ оқу

Cookie setting

RX17 Pro

Түннің таңғажайыбы күндізгі бейнелерден де әдемі. RX17 Pro тәуліктің бұл құпиялы уақытынан рахат алып, түнгі ғажайыпты ұқыпты сақтап, қараңғылықтан жарықты шығарып алуға мүмкіндік береді. F1.5/F2.4 ауыспалы диафрагмасы және оптикалық тұрақтандырғыш бар екі камера тіпті жарықтың ең әлсіз сәулелерінен анық ашық кескіндерді жинап алады, ал AI Ultra-clear Engine жасанды зияткерлік көмегімен түймешікті бір рет қана басып, түнгі суреттемені түсіріп алуға болады. Түн жамылған кезде, RX17 Pro оның бүкіл әсемдігін бейнелеуге көмектеседі.

Дизайн

Жарық пен судың негізіндегі динамикалық дизайн

OPPO RX17 Pro - Дизайн

Тұманда жасырынып,
жарықтың ағынына батқан

RX17 Pro корпусының түсі «Тұманды градиент» қара көк және күңгірт реңктердің құлпырауын жасай отырып, сәнділік пен таңғажайыпты үйлестіреді. Күңгірт 3D-шынының ішіндегі осы жарық құлпырау жарық пен көлеңкенің ойынын құрап, сізбен бірге қозғалатын ертегідей сурет салып, араласады.

OPPO RX17 Pro - Тұманды градиент

Саусақтардың ұштарынан
басталатын сезімдер

Жағажайдағы құм жайлы ой келтіретін, текстурасы жұмсақ әрі кедір-бұдырлы RX17 Pro еліктіретін күңгірт бетін қолмен ұстаған қандай керемет. Күңгірт 3D-шынынан жасалған корпус заманауи технологиялардың көмегімен шығарылған және сезімдер бойынша атлас матаны еске түсіреді. Ол берік, қолға алғанда жағымды және саусақтардың іздеріне төзімді.

RX17 Pro - Текстурасы

Тамшы пішінді экран
Акварель бояуларындағы өмір

Су — бұл өмір. RX17 Pro экранындағы ойықтың бірегей пішіні – қозғалмастықтан қозғалысқа ауысудың қысқа күйін - құлап түсу алдында бір секунд бұрын су тамшысына ұқсайды. Сіз экранды қосқан кезде, ол судың сергітетін қуатына толғандай, «тіріледі».

RX17 Pro - Тамшы пішінді экран

6.4

Дюйм

91.5%

Screen Ratio

CORNING®

GORILLA® GLASS 6

Камера

Түн нұрына бөлен

RX17 Pro - Камерасы

RX17 Pro объективіндегі әрбір сәуле

Түнде жарықтың әрбір сәулесі өткінші және баға жетпес. RX17 Pro камерасы жеткіліксіз жарықтандыру кезінде көбірек жарық өткізіп, F1.5/F2.4 ауыспалы диафрагманы автоматты түрде кеңейтеді. Жарық бұдан да арта түскен кезде, ол шұғыланы азайтып, жылдам жабылады.

RX17 Pro - Ақылды диафрагма

24 миллион пиксель Түннің жарқырауы

Түнгі оқиға әрқашан жарықтың әлсіз жылтылдарына жасырылады. 24 млн. пиксель бар 1/2,55 форматтағы сенсорды пайдаланып, оны ашыңыз. 1.4 μm үлкен өлшемі арқасында ол жоғары жарық сезімталдықпен ерекшеленеді. ОРРО оптикалық тұрақтандырғышпен сізге түсірілім кезінде ешқашан қатып қалу қажет болмайды. Сіз мінсіз кадрды еркін ұстай аласыз.

OIS

Оптикалық Тұрақтандыру Технологиясы

1.4μm

Пиксельдің өлшемі

1/2.55

Үлкен жарықсезгіш аймақ

7P

Линза

RX17 Pro - Екі еселі камера

AI Ultra-clear Engine:
бір рет басумен мінсіз шоғырландырылған сурет

Қас қарайған және жарық өзгерген кезде, OPPO AI Ultra-clear Engine жүйесі камерадан бұлтылдайтын кескіннің шынайы егжей-тегжейлерін қалпына келтіреді. Кескіннің теңестірілген және дәлме-дәл болуы үшін, RX17 Pro-да оңтайландырудың ондаған тәсілдері қолданылады. Пиксельдер деңгейінде түсті қалпына келтіру арқасында, сіздік сүйікті кадрларыңыз шынайы болып көрінеді. Кейін, түн жамылған кезде, қараңғыдағы суреттер анық әрі ашық болуы үшін, Ultra Night Mode сол бір зияткерлік технологияны пайдаланады.

RX17 Pro - AI Ultra-clear engine
RX17 Pro - AI Ultra-clear engine

Сіздің шарттарыңызбен болатын селфи
AI Beauty Camera 2 5-мегапиксельді камерасымен

Селфиге кезек келген кезде, сіз өзіңіздің табиғи сұлулығыңызды қалай көрсетуді жақсы білесіз. Сондықтан RX17 Pro-дағы AI Beauty Camera жасанды зияткерлік басқаруды сізге табыстайды. Беттің сопақтығын түзету, макияж және нақты уақытта алдын ала қараумен басқа да алты бапталатын режим — AI Beauty Camera сізге мінсіз портреттік қандай болуға тиіс екенін шешуге мүмкіндік береді. Жүйе сіздің өз селфиіңізді қалайша жақсартқаныңызды есте сақтайды. Және де сіз камераны неғұрлым жиі пайдалансаңыз, суреттер соғұрлым жақсырақ болады.

RX17 Pro - 25 МП Камерасы

Өнімділік

Керемет визуализация жылдамдығы

RX17 Pro - Атқару

SuperVOOC Flash Charge
қоректендіру жүйесіндегі ұзақ мерзімді революция

RX17 Pro Bi-cell сериясының 2x1850 мА·сағ, аккумуляторымен
жадықталған және де 50 Вт-ға дейігі қуаттылыққа қолдау
көрсетеді. Сіз өнімділігіңіздің қалай артқанын көресіз. Смартфонды
тек 10 минут ішінде 40%-ке қуаттауға болады, ал бес деңгейлі қорғаныс
максималды қуаттау жылдамдығы кезінде толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

RX17 Pro - SuperVOOC

Саусақ іздерінің экрандық сканері
Жанасумен лездік бұғаттан шығару

Саусақ іздерінің экрандық сканерінің арқасында сіз экранға жай ғана жанасып, RX17 Pro лездік бұғаттан шығара аласыз. Экран астындағы аса сезімтал сканер сіздің саусақ іздеріңіздің тиімді оқып алуына кепілдік береді.

RX17 Pro - Саусақ іздерінің экрандық сканері

Жоғары өнімділік
6GB RAM + 128GB ROM

Әжептәуір 6GB RAM және процессор Qualcomm Snapdragon 710 RX17 Pro есептік қуаттылығын және қосымшаларды лездік іске қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сіздің ойын процесіне толықтай кірісуіңіз үшін, біз ең танымал ойындарға арналған жүйені оңтайландырдық.

RX17 Pro - 6ГБ RAM + 128ГБ ROM

ColorOS 5.2
Ақылдырақ – демек пайдалырақ

Жаңа зияткерлік панельдің көмегімен сүйікті қосымшаларды жылдам ашуға болады.ал ДК режимі функциясы Type-C — HDMI жалғастырғыш тетік арқылы кескінді басқа құрылғыға шығаруға мүмкіндік береді. Ойын болсын немесе жұмыстық міндеттер болсын, үлкен экран сіздің смартфоныңыздың мүмкіндіктерін толығырақ пйдалануға мүмкіндік береді. Бұған ColorOS 5.2— OPPO зияткерлік операциялық жүйесінің және пайдаланушылық интерфейсінің жаңа нұсқасы да көмекке келеді.

Қосымша ақпарат
RX17 Pro - ColorOS 5.2 RX17 Pro - ColorOS 5.2 RX17 Pro - ColorOS 5.2 RX17 Pro - ColorOS 5.2
Онлайн дүкен

Remarks:


1. 6.4 Дюйма - это диагональная длина дисплея, когда четыре закругленных угла считаются заостренными.

2. Передняя панель RX17 Pro выполнена из Corning® Gorilla® Glass 6.

3. Со встроенной двухэлементной батареей 2 * 1850 mAh RX17 Pro заряжает аккумулятор емкостью 3700 mAh.

4. 40% заряда за 10 минут. Эти данные были подтверждены лабораторными отчетами OPPO, полученными в испытательной среде, где температура колеблется от 20 C до 30 C, с относительной влажностью от 45% до 75%, атмосферным давлением от 86 кПа до 106 кПа и первоначальным зарядом в 1%. Чтобы повторить тестовые условия отключите все мобильные услуги и функции, кроме домашнего экрана, и используйте стандартный адаптер питания для зарядки. Фактическое время зарядки может меняться в зависимости от конкретных условий устройства.

5. Использование защитной пленки стороннего производителя может повлиять на функцию фоторецептивного идентификатора отпечатка экрана. Для лучшей производительности, рекомендуется использовать пленку с защитой отпечатков пальцев OPPO.

6. Изображения продуктов приведены только для справки. Фактический продукт может отличаться. Некоторые спецификации продукта могут быть изменены в связи с изменениями OEM и другими непредвиденными обстоятельствами; обратите внимание на конечный продукт, чтобы получить информацию. За исключением тех случаев, когда это указано, все предоставленные данные основаны на лабораторных исследованиях, параметрах проектирования OPPO и OEM-тестах. Фактическое использование будет отличаться от тестовых примеров, основанных на различиях в версиях программного обеспечения и продукта, а также в среде использования.