Еліңізді немесе аймағыңызды таңдаңыз: Қазіргі сайтта болыңыз Басқа сайтты таңдаңыз
close

Біз cookie файлдарын және ұқсас технологияларды осы сайттың тиісінше жұмыс істеуі үшін, трафикті талдауға және шолу тәжірибеңізді оңтайландыру үшін қолданамыз. Сайтты шолуды жалғастыра отырып, сіз осы cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Толығырақ оқу

close

Cookie setting

OPPO, Ericsson және MediaTek дауыстық және бейне байланыс технологияларын жетілдіреді.

OPPO, Ericsson және MediaTek дауыстық және бейне байланыс технологияларын жетілдіреді.

8 сәуір, 2020, Шэньчжэнь, Қытай. OPPO компаниясы тек 5G желілерін қолдана отырып, дауыстық және бейне қоңырау технологияларының сынақтары сәтті өткенін хабарлады. Бұл тәжірибелер «5G дәуірін» жақындатады.


VoNR-байланысының (Voice/Video on New Radio) мүмкіндіктерін тексеру SoC MediaTek Dimensity 1000 сериясында жұмыс істейтін түрлендірілген OPPO сериялық смартфонының көмегімен жүргізілді. Ericsson жабдығының көмегімен 5G байланысы ұйымдастырылды.


VoNR - бұл толығымен 5G желісіне негізделген негізгі қоңырау қызметі. Мұндай қызметтердің алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда, VoNR айтарлықтай кідіріссіз, дыбыс пен бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.


OPPO бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу жөніндегі вице-президент және президенті Энди Ву: «Технологиялық прогрессивті компания ретінде, OPPO 5G-дің коммерцияландыруын жеделдету үшін белсенді жұмыс істеуде. VoNR жүйесін жақсарту бойынша Ericsson және MediaTek-пен бірлесе отырып, яғни біздің 5G-ді дамытуда жетекші компаниялармен тығыз серіктестік бағдарламамыздың бөлігі болып табылады. Біз 5G-ді бүкіл әлемге таратуда тамаша серіктес болуға, сонымен бірге 5G пайдаланушыларына қатысты қызметтерді жақсартуға тырысамыз».

Сынақ Ericsson-ның Стокгольмдегі бас кеңсесінде 5G SA желісінде өтті. Нөмір тергеннен кейін екі телефон дереу қосылды, содан кейін біртіндеп айқындығы жоғары бейнесі бар бейнеқоңырауға ауысты.


OPPO 5G технологиясын жасау мен енгізу бойынша алдыңғы қатардағы компания. 2019 жылы компания серіктестерімен бірге Dynamic Spectrum Separation (DSS) технологиясына негізделген бейнеқоңырау қызметін сәтті сынақтан өткізді. 2020 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша, OPPO 2900-ден астам ғаламдық патенттік топтарға өтініш берді және 5G саласындағы 1000-нан астам патент тобы бар екенін жариялады, олар Еуропалық телекоммуникация стандарттары институтына (ETSI) тіркеуге жіберілді. Сонымен қатар, OPPO 3GPP ұйымына 5G стандартына байланысты  3000-нан астам құжаттар ұсынды.