RX17 Pro мен RX17 Neo-ның артықшылығын бірге анықтайық

2018-11-19


Oppo жаңа смартфондары. RX17 Pro мен RX17 Neo-ның артықшылығын бірге анықтайық  

7 қарашада Oppo компаниясы екі жаңа смартфонды - RX17 Pro мен RX17 Neo-ны таныстырды. Смартфондардың басты ерекшелігі – жақсартылған түнгі фото режимі.  


Таныстырылым кешінде жаңа смартфондар ұтыс ретінде ойнатылып, “Орда” тобы өнер көрсетті.
 

Фото: Айжан Карибай



Құлатып алудан қорықпа және 10 минутта қуатта  

RX17 Pro-ның тағы да бір ерекше тұсы – Corning Gorilla Glass 6 технологиясын қолданатыны. Бұл технологияның арқасында смартфон экраны құлауға төзімді – орташа есеппен 1 метрден қатты жерге лақтырғанда 15 соққыға дейін шыдайды. Және бір ерекшелігі – SuperVOOC тез зарядтау жолы. 40% қуат толуы үшін бар болғаны 10 минут керек екен.  

Үздіксіз ойынға да шыдайтын ерекше дизайнды смартфон  

Ал енді RX17 Neo жайлы айтатын болсақ, бұл жерде де 25 Мп фронтал камера мен технологиялық интеллект орнатылған, нәтижесінде адам бетіндегі 296 негізгі нүктені тани алады. Смартфонның процессоры Qualcomm 660 – 4Гб оператив және 128 Гб тұрақты жады бар. Осыдан RX17 Neo тамаша ойын смартфоны атағына лайық. Геймерлер сонымен бірге зарядының таусылып қалуына да уайымдамасын, ойын бағдарламалары үшін заряд қуаты оптимизацияланған.  


Music on Display қызметі арқасында музыканы видео немесе басқа да ресурстардан тыңдаған кезде телефон экранын қосулы күйінде ұстап отырудың қажеті жоқ.  

RX17 Neo-ның тағы бір ерекшелігі – корпусының түрлі бірегей түсі (Қызыл Мокко және Көк Комета). Күн көзіне қалай қаратпасаң да, IMT-градиентті технологиясының және ерекше дизайнының арқасында смартфон жаңаша көрінеді.  


Толығырақ: https://baribar.kz/85021/oppo-zhanha-smartfondar-shyghardy-rx17-pro-men-rx17-neo-nynh-artyqshylyghyn-birge-anyqtajyq/